Úı ANONS 23 күнде 16 мыңнан астам көлік жүргізуші жауапқа тартылды

23 күнде 16 мыңнан астам көлік жүргізуші жауапқа тартылды

Қаламызда 12 қазаннан бері 23 күн ішінде көлік жүргізушілерінің қатысуымен жасалған 16105 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 950-і мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілермен жасалса, 98 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.

Ал техникалық байқаудан өтпеген – 66, ұялы телефон пайдаланған – 22, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткен – 17 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, қозғалыста жаяу жүргіншіге жол бермеген — 5, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша – 67, апаттық жағдай туындатқан – 3, көлік құралын мас күйде басқарған – 2, тиісті құжатсыз басқарған – 37 жол бетін ластаған – 145 жүргізуші анықталған.

Өзге де құқық бұзушылық бойынша – 432 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, іс-шара ағымдағы жылдың 10-қарашасына дейін жалғасады.

Жанерке Хумар