Алаяқтық жолмен ақша алған тұрғын анықталды

416

Шымкентте АӘК алуға құжаттарды жинап беремін деп тұрғынның 40000 теңгесін алдап алып кеткен азаматша анықталды.

Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында, бейтаныс әйел әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды жинап беремін деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 40000 теңге ақшасын иемденіп кеткендігін жазып, көрсеткен.

Аталған жәйт бойынша, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізген. Нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жанерке Хумар