«Alaman sports» киберспорттық турнирі өтеді

68

«Қазақтелеком» АҚ және Түркістан облысының әкімдігінің қолдауымен 19-20 қараша күндері Түркістан қаласында «Alaman sports» киберспорттық турнирі өтеді.

Жарыстың басты ұйымдастырушылары: «ESports Academy» киберспорт академиясы мен Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.

Турнирдің мақсаты – болашақ чемпиондарды тәрбиелеу және халықаралық аренада Қазақстан атынан бақ сынайтын құраманы дайындау.

«Alaman Sports» турнирінің жүлде қоры – 4 миллион теңге.
19 қараша – турнирге дайындық күні

20 қараша – ойын күні. Шоу-матч, финал және марапаттау рәсімі болады.
EFootball PES (киберфутбол) және StarCraft II (стратегия) түрлерінен финалдық бәсекені өткізу жоспарланған.

Өтетін жері: Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешені.
Сонымен қатар танымал киберспортшылар мен ойын блогерлерінің комментаторлық жасауымен интернет желісінде онлайн көрсетілім (Youtube, TikTok, VK, Twitch) қарастырылған.