Ел бойынша 1 396 адамның кви жұқтырғаны анықталды

49

Елімізде өткен тәулікте 1 396 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 46-ы Шымкентте, 24-і Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 2 321-ге жетіп отыр. Оның 27-і Шымкенттік тұрғындар.

Ал, Түркістан облысанан 26 ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 4 қарашадағы жағдай бойынша елде 43 397 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 7 710 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 35 687-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 520 адамның жағдайы ауыр, ал 162 пациенттің халі өте ауыр. 102 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 355 168 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 7 588 601 адам салдырды. Ал Шымкентте 552 395 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 519 915-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 974 393, II компонентін 902 920 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Мөлдір Ибадуллаева