Мейрамханада тамақтану құны 6 пайызға өскен

148

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі биыл 8,8 %-ке қымбаттады. Ал мейрамханада тамақтану құны 6%-ке өскен. Әсіресе,Түркістан облысында қымбат.

Бұған дейін дәмханалар желісінің иелері мейрамхана, асханалардағы бағаның 15 пайызға шарықтағанын айтқан. Статистикалық мәліметтерге қарағанда саладағы кәсіпкерлердің  басым көпшілігі  нысанды жалға алады. Ал жалдау құны былтырмен салыстырғанда 3 пайызға көтерілген.

Мәселен, мейрамханалар ғимараттың шаршы метріне 3300 теңге, асханалар 1400 теңге төлейді.

Шынар Оразова