Мемлекеттік нөмірі стандарт талабына сай емес жүргізуші жауапқа тартылды

25

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет барысында мемлекеттік нөмірі стандарт талабына сәйкес орнатылмаған Ваз маркалы көлікті тоқтатқан. Жүргізушіге бұл әрекеті заңсыз екендігі түсіндірілді.

Нәтижесінде жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 1-тармағы (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтап қана қоймай, түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды белсенді атқарып келеді. Сондай-ақ мемлекеттік нөмірі стандарт талабына сәйкес орнатылмаған көлік құралын басқару жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі