Отбасы тыныштығы — әділдікте

59

Біз Шымкент қаласында тұратын түрлі этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін таныстыруды жалғастырамыз. Отбасы тарихы репортаждар сериясының бүгінгі кейіпкері өнерлі әрі кәсіпкер отбасы. Біздің шығармашылық топ өзбек жанұясының тарихын тыңдап қайтты.

Ниязходжаевтар өнерлі әрі еңбекқор әулет. Отағасы немерелерінің де өнерге жақын болғанын, еліне еңбек еткенін қалайды. Сол үшін өзі жеткен жетістіктерінің дәлелі ретінде барлық марапаттарынан отбасылық естелік бұрышын жасаған. Ондағы мақсат – ұрпағына өткенін ұмыттырмай отбасы тарихын санасында сақтау.

Ұлттық әдет-ғұрып және салт-дәстүрді бойына сіңіріп өскен немерелерінің арасында дінге деген құштарлығы ерекше перзенттері де бар. Отағасының айтуынша, 4 жасар немересі әлі әріп танымаса да құранды тыңдап жаттайды екен.

Екі ұл бір қыз тәрбиелеп өсірген отбасының отанасы ұрпағына қонақжайлықты үнемі сақтау керектігін айтып отырады екен. Ынтымағы жарасқан жанұяның өкілі, аяулы анасынан шаттыққа толы шаңырақты биік ұстаудың сырын сұрадық.

Талиппай атаның балалары бүгінде шағын кәсіппен айналысады. Олар шығарған тәтті еліміздің түкпір-түкпіріне тарайды екен. Олар тіпті 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Айта кетейік, өзбек халқы Шымкентте көп жылдан бері тұрады. Осында туып-өсіп, тамыр жайған. Шаңырақ көтеріп, тіршілік етіп жатыр.

Жанерке Хумар