Қазақстанда құрастырылатын көліктердің экспорты артқан

111

Елімізде құрастырылатын көліктердің экспорты артқан. Автобизнес қауымдастығының мәліметінше биыл 10 айда 64 миллиард теңгеге 10 мыңдай машина сатылған. Бұл өткен жылға қарағанда 61 пайызға көп.

Елде шығарылған автомобильдердің басым бөлігі Ресейге жөнелтілген. Одан кейін Өзбекстан, Белорусь және Қырғызстанға сатылған.

Сондай-ақ, қауымдастық өкілдері биыл өндіріс көлемі артып отыр дейді. Былтыр 60 мың машина құрастырылса, биыл 71 мың көлік «Қазақстанда жасалған» деген белгімен сатылып отыр.

Шынар Оразова