Шымкент: Тұрғын үй ауласында өрт шықты

65

24 қараша күні сағат 18:30-да Забадам шағын ауданындағы тұрғын үйдің ауласында өрт жағдайы орын алды. Онда сарайдағы шатыр мен тұрмыстық заттар өртенген. Өртке оранған аумақтың жалпы ауданы 24 шаршы метр.

«Өрт 19.17-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 4 бірлік өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 23 адам жұмылдырылды. Құрметті қала тұрғындары! Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз»,-дейді төтеншеліктер.

                                                                                                   Әлихан Файзханов