Úı ANONS Шымкентте жанармай өңдеуге қажетті химиялық қоспа және полипропилен ұнтақтарын шығаратын зауыты ашылмақ

Шымкентте жанармай өңдеуге қажетті химиялық қоспа және полипропилен ұнтақтарын шығаратын зауыты ашылмақ

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Осыған орай, Еңбекші ауданында бірқатар нысандар ашылу жоспарлануда.

Атап айтсақ:

— Көпқабатты 14 тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, 9 мекенжайда кешенді спорт алаңшалары (футбол, тренажер, воркаут) тұрғындардың игілігіне тапсырылады;
— Академик А.Қуатбеков атындағы «Халықтар достығы» университетінің 280 орындық жатақханасы пайдалануға беріледі (өз есебінен);

— «Галилео» бастауыш мектебі мен «Мирас» шағын ауданында 600 орындық жекеменшік мектеп және (жеке кәсіпкер «Избаев») «Жалын» тұрғын алабында «Ер-Хансұлтан KIDS» бөбекжай балабақшасы ашылады;

— Оңтүстік арнайы экономикалық аймақта «Шымкент Химиялық Компаниясы» жанар май өңдеуге қажетті химиялық қоспа (Метил-трет бутил эфир) және пластикалық материалға қажетті (полипропилен) ұнтақтарды шығару зауыты іске қосылады.

Сонымен қатар, аудандағы тұрғын алабтарда «Біздің көше тұрғындары» атты мерекелік іс-шарасын өткізу жоспарлануда.