Úı ANONS Түркістанда тағы бір зауыт ашылды

Түркістанда тағы бір зауыт ашылды

Түркістан қаласында тағы бір жаңа зауыт  іске қосылды. Зауыт қазірге 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы жоба үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңнің өзінде жылына 1,5 миллион дана скоч өндірмек.

Түркістан қаласында «QazEcoPack» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі полиэтилен қаптама және скотч өндіретін зауытын ашты.  Оған облыс әкімі Нұралхан Көшеров та қатысты. Зауыт «TURAN» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жобаның жалпы құны – 1,21 млрд теңге. Зауыт ғимаратының көлемі 1440 шаршы  метр.

Компания полиэтилен қаптама өнімдерін өндіруге бағытталған өндірістік жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асырады. Сөйтіп отандық нарықты сапалы өніммен қамтып, импорт көлемін азайтуға және қайта өңдеу жұмысын арттыруға үлес қосуды көздейді. Жалпы жоба 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте  зауыт жылына 1,5 миллион  скотч өндіреді.  Өнім  Қазақстан мен қоса ТМД елдеріне жеткізіледі.

Екінші кезеңде зауыт шығатарын өнім көлемі ұлғаяды. Жоспар бойынша  жылына 350 000 келі стрейч-пленка және 80 000 дана ауа-көпіршікті пленка шығарады. Ал 2027 жылы үшінші кезеңге көшкенде жылына 500 мың келі полиэтилен  өндіріледі деп жоспарланған.

Дилара Иса