Шымкентте жанжалдасқан екі жігіттен тапанша тәркіленді

202
фото ҚазАқпарат

Шымкентте тәртіп сақшылары түнгі уақытта жанжалдасқан азаматтардан қаруға ұқсас затты тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 қараша түнгі сағат 1:00 шамасында Шымкент қаласы полиция департаментінің «102» арнасынан жергілікті тұрғын көмек сұрап хабарласқан. Түскен хабарламаға шұғыл ден қойылып, патруль полиция полкінің қызметкерлері шақыртуға барған. Аталған мекенжайға тез арада жеткен тәртіп сақшылары «102» арнасына хабарлама берген азаматпен жолығады.

Мән-жайды сұрастырып, жедел іс-әрекет жүргізу барысында жанжалдасқан екі азамат анықталып, олардың қолында қаруға ұқсас зат бары белгілі болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, айғақ тәркіленіп алынды. Ал жанжалдасқан азаматтар Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматтардың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Олардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі.