«Tаuelsızdık Art» байқауы өтті

211

Шымкентте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Täuelsızdık Art» заманауи киім және шаш үлгілері көрсетілімінен дефиле байқауы өтті. Шара «Жұлдызды 30 күн» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған.

Мақсат – жастарды еңбекқорлыққа баулу арқылы орта арнаулы оқу орындары арасында үздік киім және шаш үлгілері топтамаларын анықтау дейді ұйымдастырушылар.

Байқау нәтижесі бойынша гран-при иегері «Мирас» колледжі атанса, 1 орынды Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі, 2 орынды Ерғали Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі, ал 3 орынды Мұхтар Ауезов атындағы ОҚМУ колледжі иеленді.

Гүлдана Дәурен