Төлеби ауданында 70-ке жуық науқасқа ота жасалды

288

Төлеби аудандық ауруханасында лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен кезекті ота жасалды. Өт ауруларына жасалатын отаның бұл түрі – әлемде ең жиі орындалатын операциялардың бірі.

Себебі, ересек адамдардың 10-15%-ы осы сырқатпен ауырады екен. 2020 жылдың қазан айынан бастап Төлеби ауданының жергілікті ауруханасында аталған әдіспен ота жасауға мүмкіндік берілген.

Аудандық аурухананың жарақат бөлімі меңгерушісінің сөзінше, осы жылы 70-ке жуық науқасқа ота жасалған. Сәтті шыққан ота нәтижесінде олар палатаға ауыстырылып, тұрақты ем алуда. Науқастардың қазіргі жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.

Гүлдана Дәурен