Түркістанда «Стоп-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Жедел уәкілдер Сарыағаш ауданындағы жеңгетайлық фактісін анықтады.
Қаладағы қонақүйлердің бірінде полицейлер мекеме әкімшісі мен жеңіл жүрісті қызды тұтқындады. Аталған факті «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» бабы бойынша тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Түркістан облысының ПД «Стоп-Траффик» профилактикалық іс-шарасы аясында 10 жеңіл жеңіл жүрісті қыз анықталды. Полицейлер қоғамдық орында қысым көрсетудің 14 фактісін анықтап, құқықбұзушыларға қатысты «Қоғамдық орындарда жәбірлеу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары азаматтарға мал саудасымен және адам саудасымен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді»,-дейді Түркістан облысының полиция департаменті.
Мөлдір Ибадуллаева