Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне тиесілі 8 соттық үйін белгісіз азамат нотариусқа барып, сатуға жалған сенім хат алған. Содан соң құжат бойынша ол жерді белгісіз адамға сатпақ болған. Осылайша жәбірленушіге 3 миллион теңге шығын келтірген.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Түлкібас АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап, ПБ-ға жеткізді. Бүгінде жалған жасалған іс-құжаттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда аталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға сақ болуды ескертеді. Егер сіз, осындай жайттардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.