Жыл соңына дейін Шымкентте 4 жатақхана пайдалануға беріледі

211

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мәліметінше Шымкент қаласында 2023 жылдың соңына дейін 4 мыңнан астам студентті орналастыруға арналған 11 жатақханамен пайдалануға беріледі.

Оның 1 474 орны яғни, 4 жатақхана биыл іске қосылады. Соның ішінде 1 100 студентті қабылдай алатын 3 жатақхана қыркүйек айында ашылды.

Оның бірі «Рабат палас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шымкент қаласы Ж.Алдияров көшесіндегі 700 орынды жатақханасы болса, екіншісі – академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 300 орынды жатақханасы.

Ал үшіншісі ЖК «Каримбаевтың» 100 орынды студенттер үйі. Ал М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 374 орынды жатақханасы желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Шымкентте 2022 жылы 900 орынды 2 жатақхананы, ал 2023 жылы 1 650 орынды тағы 5 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 106 792 студент білім алса, оның 75 022-сі 8 жоғарғы оқу орнында білім алады.

Ал, 32 колледжде 31 770 студент бар. Қазір қалада жұмыс істеп тұрған 22 жатақхана 7 175 студентті қабылдай алады. Демек, баспанаға мұқтаж студенттердің 9,5 пайызы ғана қамтылған.

Жанерке Хумар