Көшбасшы атанған мұғалім автокөлікке ие болды

137

Шымкенттік мұғалім Қазақстан бойынша үздік деп танылды. «Көшбасшы педагог 2021» байқауына қатысқан ұстаз жеңіл автокөлікке ие болды. Кілтін салтанатты жиында қала әкімінің бірінші орынбасары табыстады. Әрі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мегаполистің өзге де мұғалімдерін марапаттады.

Шымкент тұрғыны Шарипа Үменова «Көшбасшы педагог 2021» байқауының жеңімпазы атанды. 36 жылдық тәжірибесі бар ұстаз талмай еткен еңбегінің арқасында автокөлікке ие болды. Айтуынша, Қазақстан бойынша 210-нан аса мұғалімнің қатуымен өткен дода тартысты болған.

Шарипа Үменова, №106 ЖОББМ-нің тарих пәні мұғалімі: «Осындай Қазақстанның бүкіл мұғалімдерінің ішінде көлікке ие болдым. Солардың ішінен іріктеліп 10 дық болды, одан кейін төрттік болды. Міне бұл қуанышты сәттер. Мен олай деп ойлаған жоқ едім. Міне бұл еңбектің арқасында деп ойлаймын. Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын. Барлық ұстаздарға, халқымызға мереке құтты болсны деп айтқым келеді».

Тарих пәнінің мұғалімі сайыста ғылыми жоба дайындап, үздік деп танылған. Әрі Еуропада өткен жарыстарға шәкірттерімді қатыстырдым дейді. Қашанда оқушыларының жетістігімен мақтанатын педагог тәуелсіздік қарсаңында еңбегінің еленгеніне қуанышты.

Сондай-ақ қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан үшінші мегаполистің үздік мұғалімдерін марапаттады. Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде үлес қосқан педагогтарға «Ерен еңбегі үшін» және «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» медальін табыстады.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «70 – тің төңірегінде мектеп болатын болса, онда 70 000-ға жуық оқитын еді. Ал қазірде мектептер саны 200 – ден асқан. Онда 250 000 аса оқушы оқиды. Жыл сайын мектеп оқушыларының саны 15-20 мыңға артып отыр. Оның өзі біздің болашағымыз».

Салтанатты жиында республикалық сайыста мегаполис намысын қорғаған жас сарбаздар да марапатталды. Әрі «Тәуелсіздік ел-тұғырым» атты шараның соңында оқушылар сарайының өнерпаздары би билеп, ұлық мейрамға арнап ән шырқады.

                                                                                          Мөлдір Ибадуллаева