Шымкент: Вакцинацияланғандар саны 590 мыңнан асты

88

Елімізде өткен тәулікте 369 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның үшеуі Шымкентте , үшеуі Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 765-ке жетіп отыр. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Ал, Түркістан облысынан 12 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

21 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 19 302 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 3 207 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  16 095-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 271 адамның жағдайы ауыр, ал 74 пациенттің халі өте ауыр. 53 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 907 254 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 382 069 адам салдырды. Ал Шымкентте 590 300 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 562 315-і алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 036 780, II компонентін 1 016 148 адам салдырған.

 

                                                                                        Мөлдір Ибадуллаева