Шымкентте 18 мың адам ревакцинацияланды

89

Шымкентте соңғы тәулікте 8 адамнан КВИ анықталды. 2 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 6 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 263 орын бар, төсек орын толымдығы 24%-ды құрайды, 199 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 64 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 60 төсек орын бар, 11 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 1 813 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 591 348 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 567 537 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 11 979 адам,
II компонентін 4 070 адам қабылдады.
Сондай-ақ, 18 063 адам ревакцинацияланды.
QAINAR KÓZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі