Шымкентте автокөлік ұрлаған азамат қолға түсті

117

Шымкенттік полицейлер бейнебақылаудың көмегімен автокөлікті заңсыз иемденіп кеткен азаматты бір тәулік ішінде құрықтады. Ағымдағы жылдың 18 – желтоқсан күні Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан, үй ауласында тұрған «Opel» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткендiгi жөнінде арыз түскен.

Аталған жайт бойынша тиісті мамандар жедел іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде көлікт ұрысын қала аумағынан қолға түсірді. Оның 40 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына көлік ұрлығын болдырмау үшін , автокөліктерін бейнекамерамен жабдықталған және жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін ескертті.

Аида Қарсыбайқызы