«Шымкентте заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары анықталды»,- деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.
Еңбекші АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері қала аумағына заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау жұмыстарын атқаруда. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 29-қарашасында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, Еңбекші АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлерімен іс-шара барысында аудан аумағында орналасқан мерамханалардың бірінде, 9 шетел азаматы жұмыс жасап жатқаны анықталып, олардың құжаттарын тексеру барысында визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауына байланысты оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылып Шымкент қаласының мамандандырылған сотына жолданды.
Айта кететін ақпарат аталған бағыттағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақыттада жалғасады.