Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет

50

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саясиқайраткерлердің сатылғыштығы,парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке,топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктері алу әрекетінен көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлық- заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып,бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлықпен күресті әр ел әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді. Бірі заңының мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарлатуды жөн санайды.

Тағы бір елдер сыбайластыққа жол бермеудің бір жолы құқықтық түсіндіру, кеселдің алдын алу деп біледі. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибесінің барлығын зерделеп,артық-кемін саралап,өз қызметтерінде қолдануға тырысуда.

С.Кырыкбаев,

Әл-Фараби ауданы бойынша МКБ-ның жетекші маманы