Тұрдыабад тұрғын алабында ашық спорт алаңшасы тұрғындар игіліне тапсырылды

75

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Еңбекші ауданының Тұрдыабад тұрғын алабында ашық спорт алаңшасы тұрғындар игіліне тапсырылды. Алаңшада спорттың футбол, волейбол, баскетбол түрлері және жеңіл атлетикамен айналысуға жағдай жасалған.

Іс-шарада елді мекен тұрғындары алаңша аумағына әсемдік ағаш көшеттерін отырғызды.

Қала әкімі М.Әйтеновтің бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу жөніндегі тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Тұрғындар игілігі үшін салынған спорт алаңшаларының 16-сы бюджет қаражаты, 2-і демеушілер есебінен салынды.

Спорт алаңшаларының 6-ы шалғай елді мекендерде, 4-еуі аудан орталығындағы жеке секторда және 8 алаңша көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі