Түркістанда 40 отбасы баспаналы болды

172

Түркістан қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды. Тұрғындарды салтанатты жағдайда құттықтаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков пәтер кілттерін табыстады.

Жалпы, Түркістан қаласында желтоқсан айының соңына дейін баспана кезегінде тұрғандарға 610 пәтер беріледі деп жоспарланған. Олардың барлығы – көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы отбасыларға тапсырылмақ.

Оның ішінде, көп балалы отбасыға 470 пәтер, әлсіз топтағы отбасыларға 140 пәтер беріледі. Сонымен қатар, жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынып жатыр.

Әлихан Файзханов