Жаңа жылдан бастап ет қымбаттайды

240

Жаңа жылдан бастап елімізде ет қымбаттайды. Ет одағының мүшесі Сағынғазы Құрманәлінің айтуынша, 2022 жылы еттің  бағасы  10-15 пайызға көтірілмек.

Бұған темір жол тасымалы бағасының өсуі әсер етпек. Бұл өз кезегінде жемнің қымбаттауына әкеледі,- дейді ол.

Сондай-ақ, шаруаларда арзан бағамен сатып алынған дизель қоры таусылып барады. Сол үшін фермерлер оны нарықтың құнымен сатып алуға мәжбүр.

Биыл қысқы солярка 37 пайызға қымбаттағаны белгілі. Сол үшін еттің көтерме құны 200 теңгеге өскен еді. Жаңа жылда тағы 10-15 пайызға қымбаттамақ.

Шынар Оразова