Жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды

123

Түркістандық екі жасөспірім Шымкенттен табылды. 11-желтоқсан күні сағат 14:20 шамасында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын «102» арнасы арқылы екі сіңілісінің Түркістан облысы, Төлеби ауданынан Шымкент қаласына кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған.

Хабарлама бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарына кірісіп, нәтижесінде, сағат 17:30 шамасында «Фиркан-Сити» орталығынан 2007 жылы туылған екі қыз анықталды.

 Мөлдір Ибадуллаева