Алматыда дүкен тонаған мародер ұсталды

53

Алматыдағы дүкенді тонап кеткен мародер Түркістанда ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қаласының біріндегі қонақ үйге аялдаған Өскеменнің 2 жас тұрғыны Түркістанның полиция қызметкерлерінің назарына іліккен.

Олардың бiрiн жедел уәкiлдер ұрланған заттарды қаладағы ломбардқа өткізіп тұрған жерінен ұстаған. Тергеу барысында оның бұрын қарақшылық қылмысы үшін сотталғаны анықталды.

Күдіктінің айтуынша, ол досымен бірге 5 қаңтарда Алматыға барған. Жаппай тәртiпсiздiк кезiнде Kcell Activ дүкендерінің бірін тонап, ол жерден 5 дана Samsung телефонды, 2 дана сымсыз құлаққапты және смарт-сағатты ұрлап, алып кеткен. Осылайша олар миллион теңге көлеміндешығын келтірген. – деді полиция полковнигі А.Қалдарбеков.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен күдіктінің сыбайласы іздестірілуде.

 Изатулла Миралиев