Енді әр жұма сайын «Асар» шағынауданындағы қалалық клиникалық балалар ауруханасында «Ашық есік» күні өтеді.
Шара аясында 18 жасқа дейінгі балалар эпилептолог-невролог, нефролог, кардиолог, онкогематолог дәрігерлері, зертханалық тексерулер жасауға және УДЗ маманынан кеңес алуға болады.
Қабылдауға келу үшін арнайы жолдаманың қажеті жоқ. Бүгін мамандар қабылдаудың бірінші күнін өткізіп, жүзден аса балаға медициналық көмек берді.
Айта кетейік, бұл игі шара 2022 жылдың «Балалар жылы» деп жариялануына орай өткізілуде.
Лаура Нақыпқызы