Бас полицейдің тапсырмасымен республика бойынша сенім телефондары тәулік бойына қоңырау қабылдауда

82

Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, оның ішінде ұялы телефондарды тексеруге қатысты ақпараттар жариялануда.

ҚР ІІМ азаматтардың ұялы телефондарын олардың келісімінсіз немесе сот органдарының санкциясынсыз тексеруге, сондай-ақ қарауға тыйым салынғанын ресми түрде мәлімдейді.
Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзге мәселелерімен қатар, қызметтер мен аумақтық бөлімшелердің басшыларына азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтауға, оларды негізсіз қылмыстық және әкімшілік қудалауға жол бермеу туралы нұсқау берді.
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне азаматтардан полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты келіп түскен шағымдарды, соның ішінде полиция бөлімдеріне жеткізілген және ұсталған адамдардың ұялы телефондарын негізсіз тексеруге байланысты фактілерді мұқият тексеру тапсырылды.
Біздің азаматтарымыздан полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің барлық фактілері бойынша ІІМ ӨҚД-нің тәулік бойы жұмыс істейтін 1402, 8 (7172) 71-41-09 сенім телефонына, министрдің блогы, “ашықтық алаңы” фронт-офистеріне хабарласуды сұраймыз.
Сондай-ақ төмендегі өзіндік қауіпсіздіктің аумақтық бөлімшелері хабарласуға болады:
Нұр-Сұлтан қалалық ПД ӨҚБ – 8-702-127-98-18
Алматы қалалық ПД ӨҚБ – 8-707-927-67-69
Шымкент қалалық ПД ӨҚБ – 8 (7252) 21-43-23
Ақмола облысы ПД ӨҚБ – 8 (7162) 25-03-60
Алматы облысы ПД ӨҚБ – 8 (7282) 60-81-58
Ақтөбе облысы ПД ӨҚБ – 8 (7132) 52-16-91
Атырау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7122) 25-10-38
Шығыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7232) 23-43-32
Жамбыл облысы ПД ӨҚБ – 8 (7262) 45-43-39, 7-701-072-70-00
Батыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7112) 98-45-68, 98-42-75, 98-40-44, 8-707-290-28-84
Қарағанды облысы ПД ӨҚБ – 8 (7212) 42-93-39
Қостанай облысы ПД ӨҚБ – 8-707-715-44-24
Қызылорда облысы ПД ӨҚБ – 8 (7242) 27-28-74, 8-747-182-51-43
Маңғыстау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7292) 47-52-69
Павлодар облысы ПД ӨҚБ – 8 (7182) 32-28-22
Солтүстік Қазақстан облысы ЖП ЕҚБ – 8 (7152) 61-26-89, 8-700-161-26-89
Түркістан облысы ПД ӨҚБ – 8-701-121-93-35
Көліктегі ПД ӨҚБ – 8 (7172) 94-23-20, 8-707-294-23-20.
Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға толыққанды жауаптар беріледі.