«Шымкентте интернет күшін жоғарылату қажет»: М.Әйтенов қосымша тапсырма берді

45

Шымкентте өткен жылы интернет сапасы төмен 14 елдімекенге базалық станция орнатылған болса, биыл 12 елдімекенге қойылып, мобильді интернет желісімен қамту үлесін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. Ал 2023 жылы 11 елдімекен, 2024 жылы 10 аумақ қамтылып, көрсеткіш 100 пайызға жетпек. Бұл туралы бүгін қала әкіміне 1-жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген цифрландыру басқармасының басшысы баяндады.

Айтуынша, оптикалық интернет қамту үлесін 75 пайызға жеткізу көзделуде. Қаладан шалғай орналасқан 15 елдімекенге талшықты оптика желісі қойылады. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов салаға тартылатын инвестиция көлемін арттыруды және интернет күшін жоғарылату бойынша қосымша жоспар жасауды тапсырды.

Мөлдір Ибадуллаева