Шымкентте Мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп, тұрғындарды алдап кеткен азамат ұсталды. Еңбекші аудандық Полиция басқармасына екі жергілікті тұрғын арызданған.
Айтуларынша, бейтаныс азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы арзан бағада пәтер алып беремін деп ақшаларын алған. Оған жәбірленушінің бірі – 3 000.000 теңге, ал екіншісі 1 000.000 теңге қаржысын сеніп тапсырған.
Ақшаны алған адам сол күйі ізін суытқан. Жәбірленушілер полицияға арызданып, аталған жайт ҚК-тің алаяқтық бабы бойынша тергеп-тексеруге алынған. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматтың жеке басы анықталып қолға түсті.
Тергеу барысында аталған азаматтың дәл осы сияқты тағы 20 жайтқа қатысы бар екені белгілі болған. Ол жиналған қаражатты өз қажеттілігіне жаратып жіберген.