Úı ANONS Күрделі ота науқасты аяқ ампутациясынан құтқарып қалды

Күрделі ота науқасты аяқ ампутациясынан құтқарып қалды

фото МӘМСБҚ

 

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының №1 хирургия бөлімінің дәрігерлері сирек кездесетін қан тамыры патологиясына шалдыққан 41 жастағы науқасқа күрделі ота жасап, оның аяғын ампутациядан аман алып қалды.

Науқас бір жыл бұрын аяқ тұсынан ауыр жарақат алған. Жарақат салдарынан балтырдың артқы үлкен жіліншік артериясы зақымданып, уақыт өте келе қатерсіз қан тамыры ісігі пайда болады. Ісіктің көлемі ұлғайып, айналасындағы тіндер мен қан айналымына қауіп төндіргендіктен, аяқты ампутациялау қаупі жоғары болған.

Мамандар науқасқа жергілікті жансыздандыру арқылы екі сағатқа созылған күрделі ота жасады. Нәтижесінде зақымданған қан тамыры қалпына келтіріліп, аяқтың қан айналымы сақталды.

Аталған клиниканың хирург дәрігері Бауыржан Бакировтың айтуынша, мұндай диагноздар тәжірибеде өте сирек кездеседі және қауіпі өте жоғары. МӘМС есебінен жасалған жоғары технологиялық көмек науқастың аяғын аман алып қалуға мүмкіндік берген. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, оңалту шаралары жалғасуда.