Мақтааралда жаңа зауыт ашылды

104

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мақта майын шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. «Tulpar May» ЖШС Түркиялық инвесторлардың қолдауымен ашылып отыр.

Зауыт жылына 10 мың тонна мақта өңдеуге, сондай-ақ, 2,9 мың тонна мақта майын, 14 мың тонна шрот өндіруге қауқарлы. Өндіріс ошағының инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңге, ал аумағы 0,27 гектарды құрайды.

Айта кетейік, аталған зауыттан бөлек Түркия елімен бірлесіп жіп иіретін текстиль фабрикасын іске қосу жоспарланып отыр.

Гүлдана Дәурен