Несие төлемін 3 айға кейін шегеруге мүмкіндік беріледі

117

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға несие төлемін 3 айға кейін шегеруге мүмкіндік беріледі.

Тараптардың келісімі бойынша төлемдерді кейінге қалдырудың одан да ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Банктер мен микроқаржылық ұйымдар айыппұл мен өсімпұлды есептемейді.

Сондай-ақ, мерзімі өткен пайыздық сыйақыны капиталдандыруға жол берілмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері айтты.

Зардап шеккен кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар төлемді кейінге қалдыру үшін кредиторға өтінішті 5-ші сәуірге дейін жазу керек. Несие төлемін кейінге шегеру мерзімі төтенше жағдай енгізілген күннен басталады. Несие уақытында төленбей қалған немесе кейінге шегерілген жағдайда қарыз алушының кредиттік тарихы нашарламайды.

Шынар Оразова