Нөсерлі жаңбырдағы жүріс-тұрыс ережелері

91

Жарияланған дауылды ескертуге байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын ескертеді

Нөсерлі жаңбырындағы жүріс-тұрыс ережелері:
мүмкіндігінше үйде немесе баспанада болуға тырысыңыз;
* қолшатыр, жадағай, резеңке етік сияқты жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз;
* қозғалыс кезінде абай болыңыз, алдыңыздағы жол учаскесін тексеріңіз, жол шайылып кетуі мүмкін;
* егер сіз нөсер кезінде автокөлікпен жүрсеңіз, көлікті жол жиегінің жанына қойыңыз, авариялық шамдарды қосыңыз және нөсер жаңбырдың тоқтағының күтіңіз;
* билбордтар мен әлсіз бекітілген конструкцияларға жақын болмаңыз;
• егер сіз тұрған ғимарат (үй-жай) су астында қалса, оны тастап, жақын орналасқан төбеге шығуға тырысыңыз.;
* егер ғимараттан шығу мүмкін болмаса, онда жоғары орналасқан қабаттарға көтеріліңіз, электр қуаты мен газды сөндіріңіз, терезелерді, есіктерді тығыздап жабыңыз және өзіңіздің орналасқан жеріңіз туралы 112 тел.бойынша хабарлаңыз.
Жолдағы көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
* жүргізушілер көктайғақ кезінде жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында қашықтықты сақтап, басып озбаулары және кенеттен маневрлер жасамауы тиіс;
* қиылыстардан барынша абайлап өту керек, бұрылыстың алдында міндетті түрде жылдамдықты азайтып, жаяу жүргіншілердің жоқтығына көз жеткізу керек.
Қар және дымқыл қар түрінде жауын-шашын кезіндегі ережелер:
* көшеде болған кезде абай болыңыз! Электр беру желілерінің сымдарына, электр көлігінің байланыс желілеріне, ағаш бұтақтарына ерекше назар аударыңыз;
* автокөлік құралдарын гараждарда қоюға немесе оны қауіпсіз аумаққа шығаруды ұйымдастырыңыз;
* жүргізушілерге мүмкіндігінше жеке автокөлікпен жүруден бас тарту немесе жол қозғалысы кезінде өте мұқият болу, егер ол ауарайының қиын жағдайларында қозғалысқа техникалық дайын болмаса, автокөлікпен шықпау;
* жаяу жүргіншілерге автотрассалар арқылы өту кезінде және оларға жақын болған кезде аса сақ болу керек;
* көшеде болған кезде сақ болыңыз, мүмкіндігінше электр желілері мен ағаштардың астында ұзақ уақыт болмаңыз;
* қар жауғанда және ауарайының өзгерген кезінде тауға шықпаңыз;
* тауда болғанда ауарайының өзгеруін бақылаңыз.
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы