Оқ тиіп жарақаттанған жауынгер сауығып келеді

103

ИЧ 6506 әскери бөлімінің жауынгері Самандар Ташкенбаев қаңтардағы қақтығыстың қақ ортасында болған сарбаздың бірі. Отан алдындағы борышын атқару кезінде оқ тиіп жарақаттанған жігіт қазір ауруханада емделіп жатыр. Арна тілшісі антына адал азаматтың жағдайын сұрап, тілдесіп қайтты.

5 қаңтар күні бейбіт шеру кезінде отан алдындаға борышын орындағандардың қатарында 21 жасар Самандар Ташкенбаев та болды. Жауынгердің айтуынша оларға тек тәртіпті сақтап тұруға бұйрық берілген. Алайда бейбіт шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласып, түнгі сағат екілер шамасында сарбаздың аяғына оқ тиіп, ауруханаға жеткізілген.

Самандар Ташкенбаев,, 6506 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері: «Сағат екіге жақындағанда қатты тұман болды, ештеңе көрінбейтін еді. Сондықтан да мені кім атқанын көрген жоқпын. Жараланған кезімде әріптестерім мені ауруханаға жіберді. Аяғыма оқ тигенімен қатар қолым да сынды. Бірақ жазылып кетемін, жұмысымды жалғастарамын».

Сарбаз сол күні шеруге шыққан топтың ешқандай талап тілегі болмағанын айтады. Сөзінше олар тек ашу ызаға бой алдырған.

Самандар Ташкенбаев, 6506 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері: «Біз оларға соңына дейін күш қолданбадық. Бұйрықты орындадық».

Қазір Самандар Ташкенбаевтың жағдайы жақсы. Патриот азамат емделіп шыққан соң отан алдындағы борышын өтеуді жалғастырамын деп отыр.

Жанерке Хумар