Өткен тәулікте 4 810 адамның ковид жұқтырғаны анықталды

111

Елімізде өткен тәулікте 4 810 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 221-і Шымкентте , 55-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 083-ке жетіп отыр. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Ал, Түркістан облысынан 2 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 12 қаңтардағы жағдай бойынша елде 27 423 адам ем қабылдап жатыр.

Оның ішінде 3 409 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  24 014-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 187 адамның жағдайы ауыр, ал 59 пациенттің халі өте ауыр. 41 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 026 131 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 568 324 адам салдырды. Ал Шымкентте 593 324 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 577 324-і алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 045 282 , II компонентін 1 029 633 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, Шымкент қаласы “қызыл”, Түркістан облысы «жасыл» аймақта.
                                                                               Мөлдір Ибадуллаева