Қой ұрлаған қор болар…

189

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын келіп арызданған. Жәбірленуші өз арызында егістік алқапта жайылып жүрген 2 жасар қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 000 теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды. Арыз бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, сол төңіректі мұқият тексеріп, куәлардан жауап алды.

Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде Жетісай қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда, тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындар назарына өздерінің мал-мүліктеріне мұқият иелік етулерін және малды қарап-бағу мен үй жайында ұстау ережелерін қатаң сақтануды, ірі басты малдарға GPS-навигаторларын орнату, егістік алқаптағы малдардың сақтығы үшін бақташы жалдау қажеттігі жайлы ескертеді.
Егер де, ұрлық жайттары орын алғаны және оның куәсі болып жатқан жағдайда міндетті түрде, тез арада полицияға хабар беріңіз.