Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметке төлем жасалмаса, шара көріледі ме?

113

Шымкентте монополистермен кеңес өтті. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсететін (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау) монополистердің басшыларымен онлайн​ кеңес өткізді.

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты, Департамент басшысы монополистер басшыларына қала тұрғындарына коммуналдық қызметтерді үздіксіз және сапалы көрсету, елдегі төтенше жағдай кезеңінде және қысқы кезеңде берешегінің бар екендігі үшін тұтынушыларды өшірмеу мәселесін қарау, тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын күшейту және қызмет көрсету кезінде кері байланыс орнату, тұтынушылардың проблемалық мәселелері бойынша келіссөздер арқылы оңтайлы шешім табу, тұтынушылармен байланысатын бақылаушылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т. б. туралы өтініш білдірді.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар салаларын реттеу, көрсетілетін қызметтердің сапасы және тұтынушылармен өзара іс-қимылды жеңілдету және жақсарту мақсатында басқа да ұсыныстар бөлігінде ұсыныстар мен кеңестер болған кезде Департаменттің мекенжайына жазбаша түрде жіберетіндігі хабарланды.

Шынар Оразова