Алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жан-жақты талқылау керек. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің бизнес қауымдастық өкілдерімен өткен жиында осылай деді.
Кездесуде бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адал бизнесті дамыту, облыс аумағындағы кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақыру да сөз болды.
Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше көңіл бөлді. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жан-жақты талқылауды тапсырды. Президенттің тапсырмаларын сапалы және тиімді орындау, өңірімізде адал бизнесті жалғастыру бағытындағы ұсыныс-пікірлеріңізді білу үшін сіздермен арнайы кездесіп отырмыз».
Әлихан Файзханов