Ел бойынша 135 590 адам ковидтен емделіп жатыр

68

Елімізде өткен тәулікте 7 149 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 77-і Шымкентте , 33-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 12 783-ке жетіп отыр. Оның 16-ы шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 113 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 2 ақпандағы жағдай бойынша елде 135 590 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 10 283 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  125 307-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 446 адамның жағдайы ауыр, ал 168 пациенттің халі өте ауыр. 84 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 203 671 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 775 383 адам салдырды. Ал Шымкентте 596 088 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 582 473-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 597 , II компонентін 1 041 508 адам салдырған.

Ал эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ;

«Қызыл» аймақта:

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта:

Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта:

Түркістан облысы.

                                                                                    Мөлдір Ибадуллаева