Úı ANONS Есеп комитеті бюджет қаражаты бойынша 21 аудиторлық тексеру жүргізді

Есеп комитеті бюджет қаражаты бойынша 21 аудиторлық тексеру жүргізді

Квазимемлекеттік секторға жүргізілген аудит аяқталды. Арнаулы экономикалық аймақтардың қызметіне, жер ресурстарын басқару жүйесіне, Токиодағы Олимпиадаға дайындық және пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бағалау жүргізілді.

Президентке 2021 жылы жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы мәлімет берілді. Былтыр жалпы 32 триллион теңгеден астам бюджет қаражаты бойынша 155 нысанға 21 аудиторлық тексеру жүргізілген. Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, оның материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Шынар Оразова