«I-Shymkent» порталы сәуір айында іске қосылады

152

Айкөмек ситуациялық орталығы тұрғындарға жаңа бағдарлама ұсынбақ. Ай-Шымкент Порталы қала әкімдігіне байланысты қабылдауларға жазылуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Шымкент қалалық ситуациялық 109 орталығының басшысы мәлімдеді. Жаңа жоба 1 сәуірде іске қосылады.

«I-komek» ситуациялық орталығы тұрғындарға медициналық қызмет түрлерін алу және жалпы практика дәрігеріне жазылу мүмкіндігін сыйлаған еді. Енді бұл қызмет түріне қосымша «Ай-Шымкент» бағдарламасы іске қосылмақ. Онда қала халқы әкімдік қызметкерлеріне, әкім орынбасарларының қабылдауына жазылып, сауалдарына тікелей жауап алуға болады.

Азат Әміртаев, «Шымкент қаласының ситуациялық 109 орталығы» КММ басшысы: «Тек осы қала әкімдігі, орынбасарлары бар, басқармалар жоқ енді. Басқармалар жоқ, өйткені олар бізбен тікелей жұмыс жасайды. Ал қала әкімдігіне байланысты бүкіл қоғамдық қабылдаулардың барлығын осы программаға енгізіп жатырмыз. Аты-жөніңіз, қандай мәселемен кіретініңіз бәрі анық сол жерде көрсетіліп тұрады. Мынау «Су арнасы» деп айтамыз, тұрғындардың техникалық талаптарын осы біздің қызметкерлер арқылы, біз алдағы уақытта фронт-офис ретінде жұмыс бастаймыз».

Бағдарлама биыл сәуірдің 1-нен бастап іске қосылады. Шымкенттік тұрғындарға аталған жоба арқылы 70 сервистік қызмет қолжетімді болмақ. Жоспар бойынша арнайы фронт-офисте 10 маман қызмет көрсетеді.

Тоғжан Әбіш, «Шымкент қаласының ситуациялық 109 орталығы» КММ басшысының орынбасары: «Бұл қызметтердің қатарына білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі дайындық курстары, қосымша курстар соның барлығына осы портал арқылы жазылуға болады».

Ситуациялық 109 орталығы қазіргі таңда 60- тан астам мекемемен бірлесіп, 93 қызмет түрін ұсынады. Сала мамандары биыл бұл санды 200-ге арттыруды көздеп отырмыз дейді.

Айта кетейік, биыл Айкөмек орталығына 200 мыңнан астам тұрғынның арыз-шағымы қабылданып, оның 99,8 пайызы қанағаттандырылған.

Гүлдана Дәурен