Идеяларын жүзеге асыруға жастарға грант берілді

72

Жастар корпусын дамыту жобасы аясында  бастамасын дамытуға 9 мыңнан астам адамға грант берілді. Жалпы 3 мың жобаны жүзеге асыру үшін 7 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

4 жыл бұрын бастауын алған жоба  аясында жастар спорт клубтарын, тігін цехтарын, аяқ киім салондарын, нан-тоқаш өнімдерінің шағын өндірістерін ашқан.  Осы мерзімде  қатысушылар бизнес-тренерлерден  дәріс алды және стратегиялық құжаттарды дұрыс зерттеуге, әзірлеуге бағытталған 6 тапсырма орындалды.

Гүлмира Ескендірова, жобаны басқару жөніндегі топтың үйлестірушісі: «Ең бастысы,  басымдылық әлеуметтік осал топтағы жастарға  берілді. Жастар өз идеяларын конкурстық комиссияға ұсынып,  үш кезеңдік іріктеуден өтіп,  идеяларын жүзеге асыруға мүкіндік алды. Бір миллион теңгеге дейін грант алды. 6 ай бойы жобаны жүзеге асырған кезде  жастар топ болып жұмыс істеп, әр мүшесі 40-60 теңгедей стипендия алып отырды. Тәжірибе жинақтап, ой-өрістерін кеңейтті».

Шынар Оразова