Úı ANONS Майнингпен заңсыз айналысқан 34 ферма анықталды

Майнингпен заңсыз айналысқан 34 ферма анықталды

Төрт күнде  республика аумағында майнингпен заңсыз айналысқан 34 ферма белгілі болды. Үкімет басшысының энергетика саласына қатысты өткізген жиынында осындай дерек айтылды.

Әлгі нысандар  Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында табылған. Шектелген электр қуатының жиынтық көлемі 202 МегаВатты құрады. Әлихан Смайылов криптовалюта өндірумен заңсыз айналысып жатқандармен күресті әлі де күшейту қажеттігін айтты.

Шынар Оразова