«Мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін…»

139

Шымкентте «мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін» деп, алдап соққан азамат ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Абай ауданы Полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы аз мерзімде пәтер әперемін деп сеніміне кірген. Ал, құжаттарды рәсімдеу үшін 300 000 теңге алған. Алайда, арада уақыт өте телефон қоңырауларына жауап бермей, не ақшасын қайтармай ізін суытыпты.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Іздеу жұмысының нәтижесінде 37 жастағы азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат тұрғыннан алаяқтық жолмен алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                    Мөлдір Ибадуллаева