Оқуға түсіріп беремін деп алдап кеткен

57

Шымкенттік полицейлер тұрғынды оқуға түсіріп беремін деп, алдап кеткен азаматшаны ұстады. Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, бейтаныс азаматшаның сеніміне кіріп, жоғарғы оқу орнына түсіріп беремін деп 500 000 теңгесін иемденгенін жазып көрсеткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты Алаяқтық бабы бойынша тіркеуге алды. Жедел-тергеу тобы құрылып, нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап ақшасын иемденген күдіктіні қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ол жәбірленушіден алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар жоғы анықталуда.

 Иззат Миралиев