Қазақстаннан Ауғанстанға аса ірі көлемде өсімдік майын өткізбек болғандар ұсталды

104

Түркістан облысындағы «Қапланбек» кеден бекетінде Қазақстаннан Ауғанстанға аса ірі көлемде өсімдік майын өткізбек болғандар ұсталды.

Шетел асып бара жатқан көліктерді тексеру кезінде 9 жүк көлігінен өсімдік майы табылды. Контрабандалық тауардың құны 97 миллион теңгеден асады. Қазір Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша Аумақтық департаменті қылмыстық іс қозғап, жүргізушілер тергеліп жатыр.

Шынар Оразова