Жетісай ауданында орын алған өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең 18 қарашада екі қабатты жеке үй толығымен өртеніп, 12 адам, оның ішінде тоғыз бала қаза тапты. Үшеуі эвакуацияланды. Өрттің себебі анықталуда.







